KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

2025 жылы ауыл шаруашылығы санағы жүргізіледі

10.01.2024, 10:19 189

2025 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, шаруаларды, қалалар мен ауылдардағы жеке қосалқы шаруашылықтарды, сондай-ақ бау-бақша мен саяжайлардың толық санағы жүргізеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» қаулы 2024 жылдың 19 қаңтарында күшіне енеді.

Ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазан аралығында өткізіледі.

Санақ екі кезеңде өтеді:

2025 жылғы 1-31 тамыз аралығында интернет желісі арқылы онлайн режимде;

2025 жылғы 20 қыркүйек – 20 қазан аралығында планшет пайдаланып елді мекендерді аралау арқылы.

Жоспарланған ауыл шаруашылығы санағы бойынша арнайы комиссия құрылды.

Ережеге сәйкес, арнайы комиссия Министрлер Кабинеті жанындағы консультативтік-кеңесші орган және оның мақсаты - 2025 жылы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын дайындау және өткізу кезінде туындайтын ұйымдастыру мәселелері мен проблемаларын шешу.

Санақ қорытындысы бойынша Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласының толық және объективті жай-күйін білуге болады.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив