KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями Штиль
504.49 587.73 6.57

Елімізде жолдағы орташа жылдамдыққа автоматты бақылау күшейеді

pexels.com

16.09.2025, 17:30 189 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда жол қозғалысы ережесін бұзуды автоматты түрде анықтайтын бақылау жүйелерінің желісі кеңейіп келеді. Бұл туралы  Үкімет отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде қалаларда автоматты бақылау жасайтын 25 мыңнан астам камера жұмыс істейді. Олар жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерінің 70 пайыздан астамын тіркеп отыр. Ал қала сыртындағы трассаларда патрульдік автокөліктер автоматты тіркеу кешендерімен жабдықталуда.

«Сонымен қатар, Көлік министрлігімен бірлесіп республикалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықтың сақталуына автоматты түрде бақылау енгізу шараларын жүзеге асырып жатырмыз», – деді Игорь Лепеха.

Қазіргі таңда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жалпы ұзындығы 1,9 мың шақырым болатын 8 автожолда енгізілген. Оның нәтижесінде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар саны 11 пайызға азайған. Енді жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын тағы 10 учаскеде осы жүйені іске қосу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу