KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

ШҚО әкімі: Өскемен көшелерін кеңейту – заман талабы

шартты сурет

11.04.2023, 09:59 160 Оразай Жеңісұлы

  Облыс әкімі Даниал Ахметов жол-құрылыс компанияларымен бірге Өскемен қаласын, атап айтқанда, негізгі магистральдар мен жол айрықтарын аралап көрді.

 Өңір басшысы облыс орталығындағы көшелерді кеңейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Жол инфрақұрылымын дамыту – заман талабы, сондықтан Өскемен қаласы көшелерін кеңейтуіміз қажет. Біз тұрғын үй құрылысын ені алты метр аулаішілік жол жүру нормаларымен және бір пәтерге бір жарым еселенген тұрақ орындарының санымен жабдықтауды жалғастырамыз. Алматы трассасы жағынан қалаға кіру автомобиль жолы екі жарым есеге ұлғайтылды, тротуарлар мен жарықтандыру орнатылады, шілде айында жоба аяқталады, – деді облыс әкімі.

  Аймақ басшысының айтуынша, Жібек Жолы көшесін кеңейтіп, Сәтбаев даңғылымен және Есенберлин көшесімен байланыстыру бойынша қыруар жұмыс атқарылуда. Бұл көлік ағынын азайтуға мүмкіндік берері сөзсіз.

Жобаны түзетуге он күн уақыт бердім. Сондай-ақ мультипликативті әсер беретін Астана көшесін қайта жаңартуды жалғастырамыз. Екі көпірдің байланысы және қала тұрғындары үшін жаңа, жайлы демалыс аймағы болады, – деді облыс әкімі. 

Маңызды жобалардың бірі – Славский жағалауын Пермитин көшесімен байланыстыру. Жол Ертіс көпірінің астынан өтіп, «Бәйтерек» жол айналымындағы көлік жүктемесін азайтады.

– Төрт жыл ішінде облыс орталығында 60 оң жақ жол бұрылысты жабдықтадық, қала көшелерінің бір бөлігін қайта жөндедік, алдағы уақытта да бұл жұмыс жалғастырылатын болады, – деді облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив