KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
518.31 567.96 6.03

Күршімдегі көпір құрылысы қашан аяқталады?

12.04.2023, 12:49 719 Оразай Жеңісұлы

Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасына салынатын көпірге 2023 жылы 5 млрд бөлініпті. Көпір құрылысы 2024 жылы аяқтала ма?

Бүгін Өскеменде ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің есеп беру кездесуі өтіп жатыр. Жиын барысында аймақ басшысына Күршімдегі көпір құрылысына қатысты сауал жолданды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр.

– Биылға 5 млрд теңге бөлінген. Көпір құрылысы 2024 жылдың соңына қарай аяқталады. Ары дегенде, 2025 жылдың басына дейін барамыз. Осыдан 5-6 жыл бұрын көпір салу мүмкін еместей көрінген. Бірақ біз үлкен сеніммен жұмысты бастап кеттік. Енді, сөзсіз, аяқтаймыз, оған біздің мүмкіндігіміз бар, – дейді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу