KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өрт қаупі: ережелерді қаперде ұстаңыз

Фото: Шартты сурет

13.04.2023, 20:44 317

От жаққан кезде бірқатар ережелерді есте ұстаған жөн. 
ШҚО ТЖД мамандарының мәліметінше, тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа райы кезінде қалаларда, ауылдық елді мекендерде, кәсіпорындар мен саяжай кенттерінде, бақша учаскелерінде өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес отты қатты отынмен тұтатуға, өрт ықтималдығы жоғары жұмыстар жүргізуге, пеш жағып, көмір пайдаланып, ас үй ошақтары мен қазандық қондырғыларын жағуға жол берілмейді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Елді мекендер, саяжай мен бақша үйлерінің аумағында шоғы бар көмірді орналастыруға арналған құрылғыларды дайындау үшін қажетті талаптарды ескеру керек.
Ол талаптарға сәйкес барбекю орнында болу керек, өрт сөндіргіш заттың салмағы кем дегенде 2 кг не 10 литр су толатындай сыйымдылықты қажет етеді. Сонымен қатар жанып жатқан көмірді  орналастыруға арналған арнайы құрылғылардың (барбекю, гриль және ұқсас құрылымдар) шетінен ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ең аз қашықтық кемінде 10 м болуы тиіс. 
Барбекю, гриль не басқа құрылымдарды құрғақ өсімдіктері бар жерге, ағаш немесе жанғыш материалдан жасалған шатырдың астына, тұрғын үй ғимаратының үй-жайларында, балкондар мен лоджияларда, шаруашылық ғимаратында, гараждар мен шатырларда, тегіс шатырларда орнатуға болмайды. 
Жанып жатқан көмірді қараусыз қалдырмаған жөн. Шоғы сөнбеген көмірді жану толығымен тоқтағанша сумен өшіру керек.
От жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив