KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 0,4 м/с, Ю
439.4 473.54 4.76

ШҚО-да құрғақ шөптің өртенуі жиілей бастады

3.04.2023, 23:49 197 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да құрғақ шөп өртінің алғашқы жағдайлары тіркеле бастады.

Наурыздың соңы мен сәуірдің бас кезінде облыс аумағында құрғақ шөп өртінің 11 жағдайы тіркеліп үлгерген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өрттің жалпы аумағы 3 га жетеді. ТЖ мамандары мұндай оқиғалардың негізгі себебі адамдардың отты абайсыз пайдалануынан болатынын еске салады. 

 Осы ретте ШҚО ТЖД өрт қаупі кезінде мынадай ережелерді қатаң сақтауға шақырады: 
- шөпті өртеуге жол бермеңіз;
- орманда от жағуға болмайды;
- балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың қауіптілігі туралы түсіндіру;
- жол жиектері бойымен жүріп келе жатып, сөндірілмеген темекі тұқылын автомобильдің терезесінен лақтыруға жол бермеу.

Саяжай кооперативтерінің аумағында:
- желді ауа райында от жағуға болмайды;
- жақын жерде алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы керек (cу құйылған бөшке, өрт сөндіргіш).
Cондай-ақ үйлердің маңындағы саяжайлардың аумағын жинау кезінде от жағуға тыйым салынады. Қоқысты қаптарға салып, арнайы бөлінген алаңдарға шығару қажет. Қоқысты ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта, бақылаудағы арнайы темір ыдыста және желсіз ауа райында, өрт сөндіру құралдары болған кезде ғана өртеуге рұқсат етіледі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив