KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Риддер әкімшілігі мүсіннің тағдырын шеше алмай әлек

18.04.2023, 18:47 266

Риддерде кеңестік мемлекет қайраткері Сергей Миронович Кировқа арналған мүсін менмұндалап тұр. Аттас көшеде орналасқан монументтің сыны кетіп, бастапқы қалпын жоғалтқан. 
Кей жерінің бояуы кеткен мүсіннің негізі де оңып тұрған жоқ, ол да бүлінген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Қала әкімдігі ескірген мүсіннің алдағы жайын шеше алмай отыр. Әкімдік өкілдері мүсінді қалыпқа келтіру немесе бөлшектеу жолының шешімін іздеп әлек болған. 

–    Қазір бұл мәселенің шешімін іздеп жатырмыз. Ескерткішті толықтай бөлшектеуге тура келуі де ықтимал. Жақында Өскеменнен скульптор Ирдан Гайсин келіп, ескерткіштің жай-күйін көрді. Оның сөзінше, мүсінді қалыпқа келтіру қиын, себебі сызат пен қирау мүсін құрылымының ішінде де пайда болған, – дейді Риддер қалалық ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Шаяхмет. 

Ескерткішті қалыпқа келтіру үшін қала бюджетінен қанша қаражат жұмсалуы мүмкін екендігін әкімдік мүсіншімен бірлесіп есептейді. Содан кейін ғана түпкілікті шешім шығарады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив