Мәншүк Мәметованың ағаш мүсіні енді балабақшаның ауласына қойылған ба?
Семейдегі Жеңіс саябағына қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың мүсіні елдің күлкісін де, ашуын да келтіргені туралы жазған едік. Әкімдік мүсінді бірден алып тастады. Алайда әлеуметтік желіде оның жаңа мекенге көшірілгені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Инстаграмдағы semey_zhaloby парақшасында мүсіннің «Ажар» балабақшасына қойылғаны жайлы жарияланды.
- Мынау "Ажар" балабақшасына қайдан келіп қалған? Әлде дубликат па? Балалар одан қорқып жүр, - деп жазды қала тұрғындарының бірі.
Көп ұзамай, осы парақшада әкімдіктен келіп, мүсінді қайта алып кеткені туралы ақпарат пайда болды.
Оқи отырыңыз