Күршімнің әкімі: 2022 жылды табысты аяқтадық
Фото: Анель Абзалбекова
Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышов Аймақтық коммуникациялар қызметінде аудан бойынша 2022 жылдың қорытындысы мен 2023 жылға арналған міндеттер туралы баяндады.
Әкім былтырғы жыл аудан үшін табысты аяқталғанын жеткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ауданның 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 672,6 млн теңгені, ал нақты көлем индексі 115,2%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 7 579,3 млрд теңге болған.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 60 974,2 млн теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі – 16817,6 млн теңге. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция – 21 609,9 млн теңге көлемінде.
Сонымен қатар өткен жылы аудандық бюджетке 2955,6 млрд теңге түсім түскен. Өсу қарқыны 128,8 %-ға жетіп отыр.