Ұлан ауданы бизнес жүргізуді жеңілдету рейтінгісінде бірінші орында
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бизнес жүргізуді жеңілдету рейтингісінде Ұлан ауданы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы бүгін Өскеменде өткен брифинг барысында аудан әкімі Hұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.
Ауданда шағын және орта бизнес субъектілеріне қолайлы жағдайлар жасалған. ШОБ субъектілерінің саны 7,8 пайызға артып, 2253 данаға жетті. Нәтижесінде бюджетке 1,2 млрд теңге салық жиналды.
Экономиканың негізгі көрсеткіштері оң өсім тенденциясын сақтауда. Өндірістік өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 9,3 пайызға артып, 20,6 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 76,2 пайызға өскен, қосалқы тауар айналым көлемі 7,4 пайызға артып отыр.