KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Осинов асуындағы дәретхананы ұрлап кетті – ШҚО

Фото: Ашық дереккөздерден алынды

24.04.2023, 15:57 262

«Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары» жолының Осинов асуы арқылы өтетін бөлігіндегі ең биік нүктеге алаң орнатылғанына аса көп уақыт бола қоймаса да, қазірдің өзінде нысан бастапқы сәнінен айырыла бастаған. Алаңның әр жеріне қос аяқты тіршілік иесі өз тірлігінің ізін қалдырып үлгерген. 
Қазіргі таңда табиғат тамашалап, естелік суретке түсуге арналған әсем орындағы әріптерді келушілер қиратып, бәзбіреулер дәретхананы да қолды қылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  
Жазғы маусымның басталуына орай «Меломан» компаниясы алаңды жаңартып, ретке келтірген. Алаңда «Altay» сөзін айшықтайтын әріптер мен облыс аты жазылған тақтайша орнатылған. Жолдағы ең биік нүктеде тұрып тұмса табиғат аясында суретке түсуге арналған алаңда саяхаттаушыларға барынша ыңғайлы жағдай да жасалған. 
Осы уақытқа дейін келушілер әріптерді бүлдіріп, біреуінің тас-талқанын шығарған екен. Компания қызметкерлері бүлінген дүниені қалпына келтіріп, бекітіп, орнына қайта қондырған көрінеді. Ал ағаш террасаны жуып, тазалаған. 
Сонымен қатар былтыр ұрланған дәретхананың орнына жаңасын орнатты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив