KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Күршімдегі ауруханада эндоскопиялық ота жасала бастады

Шартт сурет

27.04.2023, 21:00 235

Биыл қаңтар айында аудандық аурухананың қабылдау бөлімі, босану бөлімі, ота жасайтын бөлім күрделі жөндеуден кейін ашылып, толыққанды қызмет көрсетіп отыр.

Күршім ауданында денсаулық сақтау саласында оң көрсеткіштер байқалады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аудандық ауруханада жыл басынан бері 33 әйел босанса, 50 әйел Ана мен бала орталығында босанған. Осы жылдың 3 айында 83 бала дүниеге келген. Жыл басынан бері бала өлімі тіркелмеген.

Сонымен қатар бүгінгі таңда аудандық аурухананың хирургия бөлімінде эндоскопиялық оталар да жасалады екен. 2022 жылдың қазан айында 1 дәрігер-анестезиолог Латвия мемлекетінде білімін жетілдірген. Маман қазіргі таңда білімін колоноскопия және ота жасау кезінде сәтті қолданып жүр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу