ШҚО-да ана мен бала өлімінің пайыздық көрсеткіші жоғарылаған
ШҚО-да жыл басынан бергі ана мен бала өлімінің пайыздық көрсеткіші жоғары. Бұл туралы кеңейтілген аппарат кеңесінде облыс әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев баяндады.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 4 жас босанған ана көз жұмып, бірнеше жасқа толмаған нәресте шетінеген.
Бұл мәселеге қатысты Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан жауап берді.
– Соңғы үш жылда ана мен бала өлімі 21,6 пайыз азайды. Біз осы жылдың соңына дейін қажетті шараларды қолданып, өзіміз көздеп отырған 7,19 пайызға жетеміз деген үміттеміз. Иә, жыл басынан бері 4 жас босанған ана көз жұмды. Бірақ оның бірі, өзінің жарақаты болғандықтан, ана өлімі туралы статистикадан алынып тасталды, – деді Ілияс Мұхамеджан.
Ілияс Мұхамеджан