KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
444.14 477.05 4.85

ШҚО-дағы сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі – 29%

30.04.2023, 10:02 260

ШҚО-да мал шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру үшін ет және сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара мал санын көбейту қолға алынған. 
Дегенмен, облыстағы сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 29% ғана болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Ауыл шаруашылығындағы ірі қара малдың тұқымдық құрамын жақсарту, мал шаруашылығы өнімінің көлемі мен сапасын арттыру үшін облыстағы ауылшаруашылық құрылымдары ет бағытындағы (қазақтың асыл тұқымды ақбас сиыры, абердин-ангус және герефорд тұқымы), ет-сүт бағытындағы (симментал тұқымы) және сүт бағытындағы (гольштейн тұқымы) асыл тұқымды ірі қара мал өсіріп отыр. 
Өткен жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарына 54 бас сүт бағытындағы импорттық ірі қара мал сатып әкелінген. Биыл шаруашылықтарға 595 бас импорттық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу жоспарланып отыр.
Өңірде марал шаруашылығы да өркендеп келеді. Марал өсірумен айналысатын шаруашылықтар былтыр Ресей Федерациясынан 56 бас марал сатып әкелген.
Аймақта барлығы 44 тауарлы-сүт фермасы және 26 сүт қабылдау пункті жұмыс істейді. 2022 жылы сүт өңдеу кәсіпорындарына фермалар мен сүт қабылдау пункттері 66,8 мың тонна шикі сүт сатқан. Оның 55,6 мың тоннасы облыс кәсіпорындарына, қалған 11,2 мың тоннасы (17%) Павлодар облысындағы «Сүт» АҚ-ға сатылған көрінеді. Дегенмен, облыстағы сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 29%-ды құрады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив