KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Әскерилер соғыс ардагерін құттықтады — ШҚО

Фото: Өскемен қаласы әкімдігі

9.05.2023, 11:33 460

Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімі мен ШҚО қорғаныс істері департаментінің өкілдері соғыс ардагері Евгений Волощенконы Жеңіс күніне орай құттықтады. Әскери оркестр ардагердің ауласында ән шырқап, сыйлықтарын табыстаған.
Евгений Федорович – бүгінгі таңда облыстағы құрметті ардагерлердің бірі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кеңес Одағы аумағын соғыс шарпыған кезде Евгений Волощенко Украинаның Днепропетровск облысындағы Привольное ауылында орта мектептің небәрі 8-сыныбын бітірген еді. Ардагердің отбасы да оккупацияны бастан өткеріп, 44-ші жылдың күзінде ғана оккупациядан құтылу мүмкіндігі туған.
1944 жылдың 9 қыркүйегінде 18 жасқа енді толған Евгений Волощенко әскерге шақырту алып, жас жауынгерлерге арналған екі айлық курста оқиды.
Одан кейін қатардағы жауынгер Волощенко әйгілі И.В.Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясына қосылады. Дивизия сол кезде Латвияда 2-ші Балтық майданының құрамында соғысқан еді.
Соғыс аяқталғаннан кейін жас сарбаз әскери қызметті жалғастыруды ұйғарады. Ол Ленинградтағы әскери байланыс мектебіне оқуға қабылданып, оны 1950 жылы бітірген. 1971 жылға дейін түрлі округте, гарнизондар мен бөлімдерде қызмет етті.
Запастағы майор шенін алады. Кейін зейнетке шыққан соң Днепропетровск қаласына қайтып, зауытта жұмыс істей бастайды.
Танысының ұсынысынан кейін Өскеменде қоныс теуіп, қалада тұрақтап қалған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив