KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Даниал Ахметов ардагерлерді құттықтады

8.05.2020, 20:40 155

ШҚО әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ұл Жеңістің 75 жылдығының қарасыңында аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемен қаласында тұратын ардагерлерді құттықтап, сый тарту етті.

Облыс әкімі ҰОС ардагері Евгений Лескин мен оның жұбайы, тыл еңбеккері Анна Лескинаны құттықтап шықты. Евгений Емельяновия Ленинград майданында әскери қызметін атқарып, Ленинграды қорғауға қатысқан. Оның марапаттар арсеналында Отан соғысы, Қызыл жұлдыз жіне Даңқ ордендері, «Ерлік үшін», «Жеңіс үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» секілді медальдары бар.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Ганиевтер отбасында болды. Ганиев Абдулхак Абдрахманұлы – мараптталған тыл еңбеккері. Ол соғыс жылдары 13 жасында біріккен еңбек артеліне етікші болып жұмысқа тұрған. Кейін  «Ленин жолы» артелінде шебер болып жұмыс істейді. «Қлы Отан осғысы кезіндегі ерен ерлігі үшін», «Социалистік жарыс жеңімпазы», мерейтой медальдарімен марапатталған.

Әкім бұл күні соғыс мүгедегі Анатолий Тригубаны да құттықтады. Анатолий Дмитриевич 1943 жылдың қараша айында 17 жасында майданға шарықтылған. Соғыс жылдары алдымен 125-ші қосалқы атқыштар полкінде, кейін Прибалтиканың 1-ші майданының армиясында қызмет етті. Ауыр жарақат алып, соғысты Литвада аяқтады. «Ерлік үшін»,  «Германияны жеңгені үшін» жне мерейтой медальдарімен марапатталған.

Соғыс ардагерлеріне теледидар мен жеміс-жидек себеті тарту етілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив