KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Әскери бөлім аумағындағы кәсіпкерлер құқығы бұзылып жатыр – ШҚО

22.05.2023, 11:14 354 Оразай Жеңісұлы

Өскемен гарнизонының өкілдері әскери бөлімдер аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен кездесті.

Әскери прокурор Есжан Сыбанбаевтың айтуынша, жыл басынан бері кәсіпкерлер құқығының бұзылуына қатысты 62 факті тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Біздің жұмысымыздың бір бағыты – кәсіпкерлер құқығының бұзылуына жол бермеу. Осы мақсатта арнайы мобильді топ құрылып, түскен өтініштерді жедел қарап, тиісті шараларды қабылдап жатыр. Мәселен, Ұлттық ұланның мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттары бойынша заңсыз айыппұл өндіру фактісі тіркелгені анықталды», – дейді Өскемен гарнизонының әскери прокуроры Есжан Сыбанбаев.

Ал кәсіпкерлер әскери бөлімдерге өнім жеткізу мен ас мәзірін үйлестіру ісінде ешқандай кедергі жоқтығын атап өтті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив