Облыс әкімі баспана кілтін табыстады – ШҚО
Облыс әкімі Даниал Ахметов баспанаға ие болған әлеуметтік осал топ өкілдеріне үйлердің кілтін табыстады.
Аймақ әкімі Меновное шағын ауданында орналасқан жаңа су қабылдағыштың жұмысына да баға берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Бүгін облыстық театр ауданында орналасқан жаңа үйдегі пәтер кілттерін үлкен қуанышпен табыс еттім. Жаңа қоныстанушылар – көпбалалы отбасылар, жетім балалар. Олардың барлығы кезекте тұрып, баспана алды. Бұл сапалы жөндеуі бар жайлы, жылы, жарық пәтерлер. Шағын ауданда кең аулаішілік жолдар, жеткілікті тұрақ орындары, абаттандырылған спорт және балалар алаңдары бар. Жақын жерде жаңа мектеп пен балабақша салынуда. Әрқайсысы 81 пәтерден тұратын екі үй халықтың әлеуметтік осал топтарына қарастырылған, – дейді аймақ әкімі.
Меновное шағын ауданындағы жаңа су қабылдағышты аралаған Даниал Ахметов нысан 95 мыңнан астам тұрғынды ауызсумен қамтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
– Сондай-ақ бүгін Меновное шағын ауданында орналасқан жаңа су қабылдағышты араладым, ол Өскеменнің сол жағалауының 95 мыңнан астам тұрғынын ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнда ең заманауи жабдықтар орнатылды, "Өскемен су арнасының" мамандары жұмысқа жауапкершілікпен қарап, оны сапалы орындады. Айта кетейік, бұл су тарту Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында салынды, онда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қалалар мен ауылдардың 100 пайызын таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырды, – деп атап өтті әкім.
Оқи отырыңыз