KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Құтқарушылар балалар үшін мереке ұйымдастырды – ШҚО

Фото: gov.kz

30.05.2023, 13:56 238

ШҚО ТЖД құтқарушылары SAMAL саябағында балалар үшін нағыз мереке ұйымдастырды. Жазғы демалыстың басталуына орай ТЖ қызметкерлері балаларға қауіпсіздік шараларын үйретуді ұйғарған.

Шараға қатысқан әр жеткіншек тоған арқылы өткелден өтіп, кедергілер жолағын еңсеріп, жәбірленушіге көмек көрсетіп, өрт сөндіру машинасын қолданып жалынды сөндіру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Балалар ШҚО ТЖ департаментіндегі арнайы үйретілген құтқарушы иттермен ойнады.

Шараны ұйымдастыру барысында ҚР «Қызыл Жарты Ай» ШҚ  филиалының еріктілері қолдау көрсеткен.

– Бізге бәрі өте ұнады. Іс-шара қызықты әрі пайдалы болды. Қиындыққа тап болмас үшін қауіпсіздік ережелерін бұзбаған дұрыс екенін түсіндік. Біз зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетуді және төтенше жағдайда қиындықтарды жеңуді үйрендік, – деп атап өтті №20 мектептің оқушысы Айсұлу Жандарбекова.

Биыл оқыс оқиғалар кезінде 46 бала құтқарылған көрінеді.

– Әсіресе жазғы кезеңде балалар қауіпсіздігі біз үшін басымдыққа ие. Балаларды қорғау күні аясында осындай шеберлік сабақтарын өткізудегі мақсат – ата-аналар, педагогтар назарын балалардың демалысты қауіпсіз өткізуіне аудару. Жыл басынан бері біздің бөлімшелеріміз түрлі төтенше жағдайлар кезінде 46 баланы құтқарды. Бала кәсіби құтқарушының көмегіне мұқтаж болуының басты себебі – тұрмыстағы оқиғалар, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Руслан Орынбеков.

ШҚО ТЖД мамандары каникул кезінде қырағылық танытып, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару және ешбір жағдайда балаларды жалғыз қалдырмау керектігін еске салады. Ата-аналар балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруі тиіс.

Құтқарушылар көмегіне «112» телефон нөмірі арқылы жүгінуге болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив