KZ
Өскемен
-25°
переменная облачность жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

ШҚО құтқарушылары қызықты да пайдалы мерекеге шақырады

Шартты сурет

25.05.2023, 17:19 343

Ағымдағы 29 мамырда сағат 11:30-да «SAMAL» саябағы мен ШҚО ТЖД құтқарушылары барлық балалар үшін қызықты да пайдалы шара ұйымдастырмақшы.

Алдағы күндері каникул басталатыны белгілі, сондықтан балалардың әрқайсылары үшін осы күні судағы іс-қимыл ережелерін біліп, зардап шеккендерге көмек көрсетіп, «шартты» өртті сөндіріп, кедергілерді еңсеріп және төртаяқты құтқарушылармен танысуға мүмкіндік болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Шараның мақсаты – балаларды қауіпсіз демалуға үйрету, ата-аналар мен педагогтардың назарын арттыру. Барлық ұлдар мен қыздарды шараға белсене қатысуға шақырамыз. Қажетті керек-жарақ құралдар мен техниканы ұйымдастырушылар ұсынады", деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу