KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
478.54 533.76 5.17

ТЖД өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысы артты – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі

5.06.2023, 12:59 304

Қазіргі таңда ШҚО ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Демалыс күндері облыста мамықтың өртенуіне қатысты 5 оқиға тіркелген. Өрт сөндірушілер қазіргі таңда күніне 15-20 шақты шөп өртін сөндіретін көрінеді.

ТЖД мамандарының айтуына қарағанда от жалынының үлкен аумаққа тез таралуы өрт сөндіруді күрделендіре түседі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Алдағы күндері облыста аптап ыстық болады, кей жерлерде 41 градусқа дейін барады. Тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы керек. Өрт қаупі бар кезеңде облыста өрт инспекторлары, орманшылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған 300-ге жуық адамнан тұратын 46 мобильді топ құрылып, орман аумағындағы жағдайды бақылайды. Алдын алу шараларын уақтылы жүргізудің және 280-нен астам рейдтік шара ұйымдастырудың арқасында өрт қауіпсіздігін бұзған 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Нұржан Өміржанов.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін еске салады. Мамандардың дерегінше, теректің мамығы шамалы шоқтан тұтанып, жоғары жылдамдықпен және үлкен қарқынмен жанады. Тұрғындар от жаққанда абай болуы керек.

Аула, жаяу жүргіншілер жолы, гараждарды мамықтан арылтып, су себу қажет. Темекі тұқылын лақтыруға болмайды.

Өрт тұтанған жағдайда «101» немесе «112» телефон нөміріне хабарласу қажет.

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив