Аты-жөнді дұрыс жазу жөнінде семинар өтті – Самар
Фото: gov.kz
9 маусымда Самар ауданында «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атының жазылуын тарихи дәстүрге сәйкестендірейік» атты көшпелі семинар-кеңес өтті.
Шараға қатысқан бірнеше азамат тегін қазақша дұрыс жазу туралы шешім қабылдап, өзгелерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Семинарға аймақтағы аудандар мен қалаларда тіл саясатымен айналысып жүрген мамандар, жергілікті АХАЖ бөлімінің қызметкерлері, Самар ауданының мектептері мен балабақшаларының директорлары, олардың орынбасарлары және ауылдық округ әкімдері қатысқан. Қатысушыларға ҚР Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығы түсіндіріліп, аты-жөнді дәстүрге сай жазу мәселесі талқыланды.