KZ
Өскемен
-17°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

Өрт қауіпсіздігін бұзған 41 тұлға жауапқа тартылды – ШҚО

Фото: gov.kz

20.06.2023, 10:42 296

ШҚО-да өрттің алдын алу үшін ТЖД қызметкерлері, орманшылар, полицейлер, жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған 46 мобильді топ орман аумағында мониторинг жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Алдын алу шаралары мен 370-тен астам рейд кезінде  өрт қауіпсіздігін бұзған 41 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өрт қаупі кезеңі басталғанға дейін ШҚО ТЖД мамандары мен орманшылар халықпен, ауылдық елді мекендердің басшыларымен, ауыл шаруашылығының  өнімдерін өндірушілерімен 1338 кездесу өткізген. Мамандар шөпті өртеуге жол бермеу, өрт қауіпсіздігі ережелерін, оның ішінде орманда ережелерді бұзу қауіпті екендігі туралы нұсқау берген.

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары орман аймағында өрт әп-сәтте таралатынын, сондықтан оның алдын алу ең дұрыс шара екенін атап өтті. Желді ауа райында ұшқын ұшып, өрт шыршалардың салбыраған бұтақтарына тарап және ағаш басына дейін көтерілуі мүмкін. Мұндай өртті сөндіру қиынға соғатын көрінеді.

– ШҚО ТЖД тұрғын алабында өрт қаупі кезеңі бойы елді мекендердің аумақтарын құрғақ өсімдіктерден тазарту қажет екенін атады. Құрғақ өсімдіктерді өртеуге қатаң тыйым салынады. Орманда сөнбеген сіріңкелерді, темекі тұқылдарын, жанып тұрған шүберектерді лақтыруға, қалың бұталар мен қылқан жапырақты жас орманда от жағуға тыйым салынады. Орманда өздігінен жанатын материалды қалдырмаңыз, майға немесе бензинге малынған шүберектер, күн сәулесінің әсерінен құрғақ өсімдіктерді тұтататын шыны ыдыстарды тастауға болмайды.

Өрт кезінде «101» немесе «112» нөмірлері арқылы дереу хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу