KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Құтқарушылар су айдынындағы өртті сөндіру ережелерін пысықтады

Фото: gov.kz

22.06.2023, 11:37 285

ШҚО өрт сөндірушілері қауіпті маусымға орай «Портагарант» ЖШС-мен бірлесіп арнайы оқу-жаттығу өткізді.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша теплоходтың бір бөлігінде қысқаша тұйықталу салдарынан өрт шыққан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Салдарынан өрт кеменің жанғыш конструкцияларына тез тарала бастады. Команда жалынды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен басып тастауға тырысты, алайда еш нәтиже шықпады.

Үш өрт сөндіру көлігі, моторлы қайыққа мінген құтқарушылар және медициналық қызмет, сонымен қатар су көлігі мен жағалау аймағындағы өрттерді сөндіруге арналған "Ледокол-2" өрт сөндіру кемесі көмекке аттанған.

– Су айдынында да, құрлықта да отпен күресте бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімділігінің арқасында кемедегі өрт пен шөптің жануы сәтті сөндірілді. Бұл жерде тартылған күштердің іс-қимылын үйлестіретін өрт сөндіру штабы орналастырылды. Кемедегі өрттер ең қиын болып саналады. Қысқа тұйықталу, жалынның тез таралуы және температураның жоғарылауы, отынның көп көлемінің болуы – қауіпті факторлар.  Біздің міндетіміз – нақты оқиғаға барынша жақын жағдайда тиісті дағдыларды пысықтау болды, – деп атап өтті ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы Айдос Нүсіпбаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу