KZ
Өскемен
+29°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Риддерліктер Домбыра күнін атап өтті

Фото: egemen.kz

3.07.2023, 11:09 292

2 шілдеде Риддер қаласының тұрғындары Ұлттық домбыра күнін атап өтті.

Бұл күні қала тұрғындары мерекелік кешті тамашалап қана қоймай, тақырыптық викторинаға қатысып, домбыра шертіп жарысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мерекеге орай ұйымдастырылған «Домбыра  музыкалық мұра» атты концертте Мәдениет сарайы мен балалар музыка мектебінің шығармашылық ұжымдары мен әртістері өнер көрсетті. Ал кітапхана қызметкерлері мен жастар орталығының өкілдері өлең оқып, кеш көркін келтірді.

Тілдерді оқыту орталығы «Нағыз қазақ домбыра» атты тақырыптық  викторина, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Риддер қаласындағы филиалы «Шешен домбыра – 2023» атты домбыра шерту сайысын ұйымдастырған. Ниет білдіргендер викторина мен музыкалық сайысқа қатыса алды.

                    

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив