Жасөспірімдер арасында өрт сөндіру сайысы өтті
Фото: gov.kz
26-30 маусым аралығында Өскемен қаласының “Жас құтқарушы" орталығының командасы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ұйымдастырылған жарысқа қатысты.
Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған XIII республикалық чемпионат Атырау қаласында өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Елдің әр өңірінен жиналған 130 бала 16 командаға топталды. Қатысушылар 100 метрлік кедергі жолағының кезеңдерінен өтіп, арнайы сатымен көтеріліп, өрт эстафетасынан өтті. Қорытынды бойынша шығыстық жасөспірімдер жалпыкомандалық есепте 5 орынға тұрақтады. Сонымен қатар команданың екі қатысушысы Никита Боков пен Коршак Виктор ҚР құрамасына қабылданды. Олар тамызда Ресейдің Саранск қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысады.