KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Резеңке қайықтағы балықшылар жағаға жете алмай қалды — ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

28.06.2023, 17:09 421

27 маусымда құтқарушыларға Бұқтырма су қоймасының Славянка ауылының маңындағы бөлігінде резеңке қайықпен балық аулауға шыққан балықшылардың қиындыққа тап болғаны туралы хабар келген.

Балықшылар мінген қайық желдің екпінімен жағадан ұзап кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Моторлы қайық мінген құтқарушылар шұғыл түрде апатқа ұшырағандарды іздеуге шығып, оларды балық аулауға таңдалған орыннан 4 шақырым жерден тауып алды. Құтқарушылар балықшыларды өз қайықтарына отырғызып жағаға жеткізді.

ШҚО ТЖД резеңке қайықтарды суда жағадан алыс жерде қоюға болмайтынын, тіпті орташа толқын пайда болған кезде балық аулауды тоқтатып, жағаға оралу керектігін ескертті.
Балық аулаушылардың жүзе білгені жөн. Балық аулауға шықпас бұрын қайықтың жағдайын мұқият тексеріп, оның тесік еместігіне көз жеткізіңіз.
Ең бастысы, күн батқан, қараңғы түскен шақта және дауыл туралы ескерту жарияланған кезде балық аулауға шығуға болмайды. Сонымен қатар міндетті түрде құтқару күртешесін алу қажет.
Төтенше жағдай туындаған кезде "101" және "112" нөміріне қоңырау шалу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу