Құтқарушылар шомылуға болмайтын жерлерді күзетіп жүр – ШҚО
Фото: egemen.kz
ШҚО ТЖД дерегіне сәйкес, күннің ысуына байланысты шомылу орындарында адам қарасы артқан. Тұрғындардың кейбірі тыйым салынған орындарды таңдайды.
Тыйым салынған орындардағы судың тереңдігі, түбінің тексерілмегендігі мен қоқыс үйінділері де шомылушыларды тоқтата алмайтын көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Құтқарушылар осындай орындарға барып, демалушылармен әңгімелесіп, жадынамалар таратып, суға бату дерегі туралы нақты ақпараттарды жеткізеді.
Құтқарушылар шомылу орындарында жүрген балаларды мұқият қадағалайды.
Шомылу маусымы басталғалы бері ТЖД қызметкерлері полиция және еріктілермен бірлесіп жағалауларда 2 мыңнан астам рейд өткізіп, 11 мыңнан астам адаммен әңгіме жүргізген.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне қоңырау шалу қажет.