KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

ШҚО: Шомылу маусымы басталғалы 3 адам суға кетті

3.07.2023, 17:15 2 096 Ләззат Қанатқызы

Шомылу маусымы басталған 1 ай ішінде өңірде 3 адам суға кетті. Оның ішінде 1 жасөспірім бар.

Сондай-ақ су қоймаларынан 6 адам құтқарылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО ТЖД АҚБ бастығы Руслан Орынбеков айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының айтуынша, 3 жағдайда шомылуға тыйым салынған немесе жабдықталмаған орындарда тіркелген.

Шомылу маусымы жалғасуда, сондықтан облыс тұрғындары мен қонақтарын құтқарушылардың ұсыныстарына немқұрайды қарамауға шақырғым келеді. Шомылу үшін тек құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік ететін жабдықталған жағажайларға барған жөн. Ешқандай жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз және оларды ересектердің қарауынсыз су айдындарына жібермеңіз,  дейді ШҚО ТЖД АҚБ бастығы Руслан Орынбеков.

Егер қандай да бір төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112 нөміріне хабарласыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив