KZ
Өскемен
-20°
туман жел 2 м/с, СБ
506.7 593.14 6.53

ШҚО-да су және ауа сынамалары талапқа сай келмейді

Фото: egemen.kz

18.07.2023, 10:46 458

ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыста талапқа сай келмейтін су және ауа сынамалары анықталғанын жариялады.

Алынған су сынамаларының 4,8% гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтіні анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биылғы бірінші жартыжылдықта ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары су құбырынан 1144 су сынамасын алып, зерттеген. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттелген сынамалардың 56-сы (4,8%)  гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтіні анықталған. Ал санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша талданған 1115 сынаманың 31-і (2,7%) талапқа сай келмейтіні анықталды.

Бірінші жартыжылдықта ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық басқармаларының мамандары атмосфералық ауаның 11 507 сынамасын зерттеді. Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша зерттелген үлгінің 1%-да ауытқу анықталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу