KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Нашақорлықтың алдын алу жұмысын түбегейлі өзгерту қажет

Фото: Облыс әкімінің парақшасынан алынды

18.07.2023, 17:11 220

Облыс әкімі Ермек Көшербаев нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жұмысты түбегейлі өзгерту қажет екенін мәлімдеді.

Облыс әкімі нашақорлықтың зияны туралы дәрістердің форматын қайта қарастыру керектігін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

  "Жастар көшбасшыларымен, қоғам қайраткерлерімен, үкіметтік емес ұйым басшыларымен өткен кездесуде нашақорлық мәселесін жан-жақты талқыладық. Нашақорлық қоғамдағы ең маңызды проблемалардың бірі екені белгілі. Сондықтан осы бағыттағы профилактикалық жұмыс барысын түбегейлі өзгерту шарт. Әлеуметтік желі мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, білім беру мекемелерінде өтетін нашақорлықтың зияны туралы дәрістердің форматын қайта қарастырған жөн. Әртістерді, жастарды және танымал тұлғаларды шақырып, флешмоб, спорт ойындары арқылы бұл індеттің қаншалықты зиян екенін жеткізу қажет. Оның тиімділігі де жоғары болмақ. Біз табысты жобалардан тәжірибе алып, өзіміз де жаңа тәсілдерін енгізуіміз керек. Сондықтан біз ең ұтымды идеялар мен ұсыныстарды барынша тыңдап, қолдауға дайынбыз. Ең бастысы, жастарға есірткінің қаншалықты зиян екенін әрі бұл бұқаралық дертке айналып кетуі мүмкін деген қағиданы түсіндіре білсек, жақсы нәтиже болады. Бұл ретте, әрине, жаңашыл тәсілдер мен амалдарды қолданумен қатар ата-аналармен жан-жақты жұмыс жүргізу де өте маңызды. Бұған ерекше мән беру керек", – деп жазды аймақ әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу