Берел орман шаруашылығында өрт шықты
Фото: egemen.kz
18 шілде күні Катонқарағай ауданы Берел орман шаруашылығының аумағындағы таулы жерде түтін ошағы байқалды.
Өрт шыққан жер шамамен 1700 метр биіктікте орналасқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазавиаорман күзетінің МИ-2 тікұшағы бірден шығып, межелі жерге орманшылар мен өрт сөндірушілерді жеткізді. Әуеден барлау нәтижесінде шамамен 2,5 гектар аумақтағы ағаштар өртеніп жатқаны байқалды. ШҚО ТЖД дерегі бойынша, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі уақытта ШҚО әуе-десанттық дивизиясының МИ-8 тікұшағы өрт орнына десанттарды жеткізу жұмысын жүргізіп жатыр.
Өрт сөндіруге орман шаруашылығы мен өрт сөндіру бөлімдерінің 67 қызметкері, 6 техника, «Қазавиаорманкүзеті» ММ МИ-2 және ШҚО авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшақтары жұмылдырылды.