KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

ШҚО орманшылары, өрт сөндірушілер таудағы өртпен күресіп жатыр

Фото: egemen.kz

1.07.2023, 20:23 297

1 шілде күні Ұлан ауданының Приморск орманшылығындағы таулы жерлерде өрт шықты.
ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі мен орманшылар дереу сол жерге аттанды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жартасты жерде шамамен 0,7 гектар аумақтағы шөп жанып кеткен. Дерекке сүйенсек, қазіргі уақытта ашық жалын жоқ.

Техниканы өрт орнына жеткізу мүмкін емес. Осы себепті техника таудың етегіндегі жақын жерге орналастырылды. Өртті сөндіруге жіберілген мамандар діттеген жерге жетер жолда тік беткейлерден өтіп, жалынды арнайы жабдықты көтере жүріп сөндірді.

Сонымен қатар өрт шарпыған жерге әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағы арқылы мамандар жетті.

Мәліметке сүйенсек, елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

Өрт сөндіру жұмысына жұмылдырылған 83 қызметкердің арасында орманшы, өрт сөндіруші және жергілікті атқарушы органның өкілдері бар. Сонымен қатар аумаққа таралған жалынды сөндіруге 10 техника мен әуе бөлімшесінің МИ-2 тікұшағы бөлінді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив