KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

ШҚО-да 6 айда 387 төтенше жағдай тіркелген

Фото: gov.kz

26.07.2023, 10:42 201

ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов төрағалық еткен кеңес өтті.

Кеңесте өңір халқы мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Биылғы 6 айда Шығыс Қазақстан гарнизонының бөлімшелері 2420 рет жедел шақыруға барған. Оның нәтижесінде 117 адам құтқарылды, 211 адам эвакуацияланды, 133 зардап шегушіге көмек көрсетілді.

Облыс бойынша 387 төтенше жағдай тіркелген, оның 321-і өртке байланысты.

Тұрғын үй секторындағы өртті азайту үшін департамент қызметкерлері аулаларды күнделікті аралап, жыл басынан бері түсіндіру жұмысында 106 мыңнан астам адам қамтылып, 60 мыңға жуық шолу жүргізілді.

Бақылаудағы объектілерде өрттің алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері 279 нысанды тексерді. Тексеру барысында 1659 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі анықталды.

Сонымен қатар өрт қаупі және шомылу маусымының жазатайым оқиғасыз өтуіне баса назар аударылған көрінеді.

Қалыптасқан құрғақ және ыстық ауа-райына байланысты облыс аумағында өрт қаупінің жоғары санаты сақталады. Орман алқаптарының жанында орналасқан елді мекендердің бойында ұзындығы 535 км минералданған жолақтар құрылды.

272 адамнан тұратын 46 бірлескен мобильді топ құрылды. Олар 535 рейдтік іс-шара жүргізіп, өрт қауіпсіздігі талабын бұзған 55 тұлғаны анықтады.

Табиғи өртке қарсы қызмет бөлімшесі жоқ елді мекендерде өртке уақтылы ден қою және оларды жою мақсатында облыс бойынша 44 өрт сөндіру бекеті құрылды.

Департамент және "ШҚО судағы құтқару қоғамы" ҚБ қызметкерлері 39 құтқарушы-жасақ дайындады. Сонымен қатар олар 38 демалыс базасы мен 8 сауықтыру лагеріндегі су айдындарының түбін тексерді. Жаппай демалыс, туризм және спорт орындарында ТЖД 5 құтқару бекетін құрды, оның ішінде 4 стационарлық, 1 мобильді бекет бар. Шомылу маусымы басталғалы бері ТЖД мүдделі органдармен бірлесіп облыстың су айдындарында 1738 астам рейд, 154 жиын өткізді. Қызметкерлер су жағасында 18 акция өткізіп, 10 мыңнан астам демалушыны ақпараттандырды.

Қызметкерлер бүгінгі таңда полиция департаментімен бірлесіп патрульдеу жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша 44 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алайда облыста 6 адам суға батып кетті, оның біреуі – бала. Барлық жағдай шомылуға тыйым салынған жерде тіркелген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу