Тыйым салынған орындарда шомылу қауіпті – ШҚО
Фото: gov.kz
ШҚО-да шомылу маусымы басталғалы бері 6 адам суға батып кеткен.
ШҚО ТЖД азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындауға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД дерегі бойынша, шомылу маусымы басталғалы бері облыста 5 ересек және 1 жасөспірім суға батып кеткен.
Суға бату деректері шомылуға тыйым салынған орындарда тіркелген. Дәлірек айтқанда, жазатайым жағдай Уба өзенінде, Глубочанка өзенінің жасанды су қоймасында, Зайсан көлінде және Бұқтырма су қоймасының Катонқарағай ауданындағы бөлігінде тіркелген.
ШҚО ТЖД азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындауға шақырды. Қазіргі таңда облыста шомылуға рұқсат етілген 22 учаске бар.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне қоңырау шалу қажет.