Мекеме аумағындағы көлікті айдап әкеткен Өскемен тұрғыны анықталды

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды
Өскемен қаласында бейнекамералар арқылы тағы бір дерек ашылды.
21 шілдеде Өскемен қаласының ПБ Үлбі ПБ-ға қала тұрғыны жүгінген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тұрғын өзі жұмыс істейтін ЖШС аумағында тұрған «CHEVROLET Niva» маркалы автокөлігін белгісіз адам иемденіп кеткені туралы шағым түсірген.
Көлікті айдап әкеткен адам алысқа кетіп үлгермеген. Ол бейнебақылау камераларына түсіп қалған көрінеді. Сол арқылы полиция қызметкерлері оны тоқтатқаны белгілі болды. ШҚО ПД дерегінше, 1998 жылы туған қала тұрғыны кейіннен өзінің заңсыз әрекетін мойындады.
Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200 - бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.