KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 1,5 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

ШҚО-да мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

31.07.2023, 16:31 160

Шілде айының ортасында Самар ауданы ПБ-ға ауыл тұрғынының бірінен шағым түскен.

Тұрғын қорадағы 2 қошқарын белгісіз адамдар ұрлап әкеткенін айтқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Келтірілген шығын 120 000 теңгені құраған.

Полиция қызметкерлері іске қатысы болуы мүмкін 1997 жылы туған күдікті жігітті анықтап, ұстаған. Ұсталған адамның бұрын ұрлық істегені үшін сотталғаны және бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.

Одан әрі жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің 1 ірі қара малды ұрлауға қатысы бар екенін анықтаған. Келтірілген шығын сомасы 520 000 теңгені құрайтын көрінеді.

ШҚО ПД дерегінше, жауап алу кезінде күдікті бұл әрекетін мойындаған. Заттай дәлелдемелер ішінара тәркіленді.

Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі, 188-1-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Мал ұрланған жағдайда дереу "102" телефоны арқылы хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив