KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО ТЖД мамандары су айдындарын бақылап жүр

Фото: gov.kz

2.08.2023, 16:10 214

Өңірде қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты ШҚО ТЖД құтқарушылары, ШҚО бойынша полиция және көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері демалу орындарында патрульдеуді күшейтті.

ШҚО ТЖД қызметкерлері жазғы кезеңнің басынан бері 3000-ға жуық патрульдік бақылау мен рейд жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұқтырма су қоймасында шағын көлемді кемелерде қауіпсіздік шараларын орындау және жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға байланысты рейд жүргізілді.

– Бұзушылықтардың қатарында жүзу құралдары мен катамарандарға отырған кезде құтқару кеудешелерінің болмауы, шектеу белгілері орнатылған жерлерде жүзу, балалардың қараусыз қалуы, су айдындарында спирттік ішімдік ішу бар,  деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

ШҚО ТЖД қызметкерлері жүргізген рейд барысында 7 мыңнан астам демалушы қамтылды. Оларға су айдындарындағы тәртіп ережелері түсіндірілді. Құтқарушылар жазғы кезеңнің басынан бері патрульдеу барысында 7 адамның өмірін сақтап қалған.

Мамандар полиция қызметкерлерімен бірлесіп 76 құқық бұзушыны анықтаған.

Төтенше жағдай кезінде «112» нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу