KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Бүгін күн райы қандай болады?

Фото: egemen.kz

3.08.2023, 09:45 168

3 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

«Қазгидромет» РМК дерегінше, республика бойынша екпінді жел тұрады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Алматы облысында 40-42°С өте қатты ыстық болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының онтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында өрт тұтанудың аса жоғары қаупі күтіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив