KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да бірқатар жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Фото: egemen.kz

4.08.2023, 15:01 269

9 тамызға дейін ШҚО аумағында «Қазақстан оқушысы-2023» 53-ші көпкүндік дәстүрлі велосипед жарысы өтеді.  

Осыған байланысты бірқатар бағытта автокөлік қозғалысына шектеу енгізу жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шектеу енгізу кестесі мына ретпен жүргізіледі:

4 тамыз күні сағат 10.00-ден кейін Шешек-Тайынты ауылына бұрылыста, 5-6 тамыз сағат 10.00-ден кейін Каменный карьері-Северный кенті-Ушаново ауылы бағытында, 7 тамызда сағат 10.00-ден кейін Бобровка тасжолы-Нұртау бағыты, 8 тамызда 10.00-де Бобровка тасжолы-Северный кенті-Ушаново ауылы бағытында шектеу енгізіледі.

ШҚО ПД ұсынған дерекке сүйенсек, соңғы қатысушы аталған жол бөлігінен өткеннен кейін қозғалыс қалпына келеді.

                          

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив