Шемонаиха тұрғыны жоғалтқан картасындағы ақшадан айырылды – ШҚО
Фото: egemen.kz
Шілде айының соңында Шемонаиха ПБ-ға аудан тұрғыны жүгініп, маусым айында жоғалтқан банк картасынан белгісіз біреу ақша шешіп алғанын мәлімдеген.
Алынған қаржы көлемі – 120 645 теңге, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жедел іздестіру іс-шарасының барысында полиция қызметкерлері шағым түсірген тұрғынмен бір кәсіпорында жұмыс істеген күдіктіні анықтап, ұстады.
Жауап алу кезінде күдікті әрекетін мойындады. Ұрланған зат ішінара тәркіленді. Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.