KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 0,8 м/с, СБ
480.5 534.22 5.18

ШҚО-да полиция тоқтатқан көліктен жабайы жануардың еті табылды

Фото: ШҚО ПД ресми парақшасынан алынды

4.08.2023, 15:56 232

Шілде айының соңында Алтай ауданына қарасты ауылдардың бірінің маңындағы тасжолдың бойында 1993 жылы туған азамат басқарған «Mitsubishi» маркалы автокөлігі тоқтатылған.

ШҚО ПД ұсынған дерекке сәйкес, көліктің жүксалғышынан жабайы жануардың еті табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сонымен қатар оптикалық көздегіші және белбеуі бар ойық ұңғылы «Сайга» маркалы қаруы, 8 дана патрон, ағаш сапты пышақ және еттен алынған оқ тәркіленді.

Жедел іздестіру іс-шарасының барысында полиция қызметкерлері аң аулаумен заңсыз айналысқан 1954 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстады.

Осы факті бойынша тәркіленген етке сараптама тағайындалды. Сонымен қатар баллистикалық сараптама жүргізіледі.

Жауап алу кезінде ер адам өзінің іс-әрекетін мойындады.

Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы бойынша 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

                          

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив