KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,6 м/с, СШ
480.63 535.13 5.27

Өскемендегі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

11.08.2023, 10:19 245

10 тамызда елде Абай күні тойланды.

Философ, дана Абайдың туған күніне орай ШҚО әкімі Ермек Көшербаев пен өңірге жұмыс сапарымен келген Әділет министрі Азамат Есқараев Өскемен қаласындағы ақынның ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шараға өңірдің мәдениет қайраткерлері қатысты. 

– Оның философиясы, оның шығармалары әлі талай ұрпақтың игілігіне жарайды. Алайда біз Абай шығармаларынан, ой толғауларынан жастарға, кез келген адамға қажетті тәрбиені табуымыз керек. Абайдың кез келген туындысын алсаңыз, ол бүгін де, ертең де, арғы күні де – әрқашан халықтың игілігіне жарайды, – дейді С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры Сләмбек Оразалин.

Шығармаларында қазақтың шынайы болмысы мен жан дүниесін бейнелеп, білімге жол сілтеген Абай туындылары өзектілігін жоғалтпақ емес. 

                                                  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив