KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
471.83 505.66 5.4

Тұрғын үйде орналасқан дүкеннен өрт шықты – Өскемен

Фото: gov.kz

7.09.2023, 14:41 168

Өскемен қаласында Назарбаев даңғылының бойындағы 4 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкендердің бірінен өрт шықты.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 14 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өрт сөндірушілер 10 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндірді. ШҚО ТЖД болжамы бойынша, өрттің шығуына электр сымдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін орындамау себеп болған.

                                                                                                  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив