KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 22 адам иіс тиіп уланып қалған

Фото: gov.kz

8.09.2023, 22:30 202

Пешті қысқы кезеңге дайындауды тексеру кезінде ШҚО ТЖД мамандары өрт қауіпсіздігі ережесі орындалмаған 535 үйді анықтады.

Бұл туралы ШҚО ТЖД мамандары Аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– ТЖД шілде айында жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бастады. Шара жазатайым оқиғаларды азайтуға бағытталған. Облыс аумағында әлеуметтік осал топтағы азаматтар тұратын 3574 үйде пеш қолданылады. ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы билік өкілдерімен бірлесіп үйлердің 91%-ын аралап шықты. Мамандар өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын тексерді, – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.

Мамандар тексерген 2873 үйдің 535-інде қауіпсіздік талаптары бұзылғаны анықталды.

ШҚО ТЖД дерегінше, жыл басынан бері 22 адам иіс тиіп уланып қалған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу