ШҚО-да мал ұрлығының алдын алуға бағытталған шара басталды
Фото: egemen.kz
18 қыркүйектен бері ШҚО аумағында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Шара 22 қыркүйекке дейін жалғасады.
Шара мал ұрлығының алдын алуға және оларды ашуға, мал ұрлығына қатысы бар тұлғаларды анықтауға, олардвыұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тәртіп сақшылары ет өнімдері мен мал тасымалдайтын көліктерді тоқтатып, тиісті құжаттардың бар-жоғы тексереді. Ол үшін аумақтық ветеринариялық бақылау бөлімшелерінің мамандары тартылады.
Оқи отырыңыз