Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру дерегі бар ма?
Қазақстанда және әлемде коронавирусты қайта жұқтырған бірде-бір науқас әлі анықталған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
"Қазақстанда коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтыру дерегі тіркелген жоқ, бірақ бұл жаңа ауру болғандықтан, біз қайта ауру мүмкін бе, жоқ па нақты айта алмаймыз. Бірақ бұл сұраққа әлі де, өкінішке қарай, ешбір елде нақты жауап бере алмайды. Мұны білу инфекция жұқтырып, аурудан айыққандарды ұзақ уақыт бақылағаннан кейін мүмкін болады", - деді Қожанова ОКҚ брифингінде.
Ол мұндай адамдарды зерттеу ағзадағы COVID-19 антиденелерінің ұзақ сақталатынына байланысты екенін түсіндірді.
"Адамдарда ауру ұзаққа созылған жағдайлар болды, яғни денсаулығы жақсарады, кейін қайтадан асқынып кетеді. Бірақ бұл қайта жұқтыру емес, өйткені жағдай нашарлағанға дейін толық қалпына кемеген", - деді ол.
Сонымен бірге, Қожапованың айтуынша, адамнан вирус қайта анықталса, пациент басқалар сияқты қолда бар хаттама бойынша ем қабылдайды.