KZ
Өскемен
-22°
туман жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

ШҚО-да «Заңсыз келуші-2023» шарасы басталды

Фото: egemen.kz

3.10.2023, 19:39 335

ШҚО-да "Заңсыз келуші-2023" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

Шара елдің көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтауға, облыс аумағындағы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Операция аясында полицейлер көлік ағынын бақылап, шетел азаматтары істеген қылмыстар мен құқық бұзу деректерін анықтап, азаматтарға қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетеді.

– Осыған байланысты құқық қорғау органдары барлық құрылыс нысандарын, базарларды, асханалар мен дәмханаларды міндетті түрде тексереді. Жедел профилактикалық іс-шара 8 қазанға дейін жалғасады, – деп жазылған ШҚО ПД хабарламасында.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу