KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеудегі шетелдікті ұстады

Фото: egemen.kz

22.06.2023, 11:19 239

Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеу жарияланған шетел азаматын ұстады.

“Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік полицейлері 73 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан, деп хабарлайды Altaynews polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Оның ішінде 58 шетелдік Қазақстанда болу қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Оның 54-і ТМД азаматтары болса, алыс шетелдіктердің саны – 4.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады. Оның мәлімдеуінше, сот шешімі бойынша 5 шетелдік елден тысқары шығарылған көрінеді.

– Сондай-ақ осы іс-шара барысында Стамбұл – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабы бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын анықтап, ұстады, – деді Мадияр Айтуғанов.

19-25 маусым аралығында елде заңсыз жүрген адамдарды анықтау және департаменттің қызмет көрсету аумағындағы заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында “Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу