KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, СШ
498.55 524.28 4.75

Шемонаихада егістің 60 пайызы жиналған – ШҚО

Фото: Аяужан Утеулинова

4.10.2023, 12:42 257

Шемонаиха ауданында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау маусымы жүріп жатыр. Қазіргі таңда аталған егіс алқабының 51,3 мың гектарындағы дақыл жиналды. Өнімдігі – 14,0 ц/га (2022 жылы – 18,3 ц/га) құрады.

Аудан әкімінің орынбасары Алексей Ахаев Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде астық жинау науқанына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Биыл ауыл шаруашылығы қызметкерлері үшін ауыр жыл болды. Жазда құрғақшылық болды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың вегетациялық кезеңі құрғақшылыққа тап келді, яғни жаңбыр жаумады. Ал тамыз айында жаңбыр басталды. Сондықтан техника егін алқабына шығып, егісті жинай алмады. Егіс жинауқаны уақытылы жүргізілген жоқ. Сондықтан шаруаларға көмек көрсетіліп жатыр. Дәлірек айтқанда, егіс жинаудан басқа да жұмыстарға қажетті қосымша дизель отынын бердік. Дақылдар дымқыл, сондықтан оларды құрғату қажет. Біздің аудандағы 20-дан астам құрғату құрылғысына дизель қажет. Ауданға субсидиялық баға бойынша қосымша 3 мың тонна дизель бөлінді. Бүгінгі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егісінің 70%-дан астамы жиналды. Енді күнбағыс жинауға кірісеміз. Бүгінгі таңда егістің шамамен 15%-ы алынды. Егер қазан, қараша айында күн райы қолайлы болса, егіс уақытылы жиналады. Ал орта есеппен егістің шамамен 60%-ы жиналды, – дейді аудан әкімінің орынбасары Алексей Ахаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда күздік дақылдарды егу басталып кеткен.

– Астықты жинаудың тиімсіздігіне байланысты 2 мың гектардан астам күздік және 1 мың гектарға жуық жаздық дәнді дақылдар есептен шығарылды. Шаруашылықтар күздік дақылдарды егуге кірісті. 1,918 мың гектарға дақыл егілді, оның ішінде күздік бидай – 1,575 мың гектарға, қара бидай – 0,189 мың гектарға салынды, – дейді ол.  
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу